«Музей түні» іс-шарасы

18-Мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Д.А.Қонаев музейінде «Музей түні» іс-шарасы өтті. Музейде ашық есік күні болып, тегін экскурсия жүргізілді және сұрақ-жауап ойындары өткізілді. Музейдің кинозалында Д.А. Қонаев өмірі мен еңбек жолы жайында деректі фильмдер көрсетілді. Сұрақ-жауап ойындарына, балаларымен жеке отбасылар белсенділік көрсетті. Музей түніне 188 адам қатысты. Белсенділерге 5 алғыс хат және О. Сүлейменовтың поэзиялар жиынтығы тапсырылды.