"Ғасыр тұлғасы" байқауы

15 наурыз 2018 жыл, сағат 11:00-де Алматы қаласы және Алматы облысының орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында "Ғасыр тұлғасы" шығарма жазу байқауының қорытынды кезеңі өтті. 
Бас демеушіміз Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы байқау жеңімпазына тегін білім алу грантын бөлді, екінші және үшінші орындарды иеленген жеңімпаздарға жоғары білім алуға 50%, 30%-дық жеңілдік көрсетілді, сондай-ақ қатысушылар естелік сыйлықтар және 20 %-дық жеңілдікке ие болды.
1 орын – Абдиев Даурен Болатович, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы; 
2 орын - Бақытхан Зирагүл, Алматы облысы, Ақсу ауданы;
3 орын - Мауытова Гүлайна Серікқызы, Атырау облысы Индер ауданы.
Іс-шараға қатысушылар барлық саны – 40 адам.