18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

     18 сәуір – ЮНЕСКО-ның Халықаралық кеңесі Ассамблеясының шешімімен "Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні" болып бекітілді. Алматы қаласында мемлекет және қоғам қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылып, тарихи орындар қалпына келтірілді. Алматымызда 133 ескерткіш бар. Оның ішінде 87-сі архитектуралық, 46-сы монументалды.
     1970 ж. басында Дінмұхамед Ахметұлының жетекшілігімен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін қалпы келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл мавзолей хандар мен сұлтандардың жерлеу орындарын шоғырландыратын қасиетті орындардың бірі болып табылады.
     1978 жылдың қыркүйек айында "Республикалық Қожа Ахмет Яссауи музейі" ашылды. 1967 жылы Дінмұхамед Ахметұлының қатысуымен "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі" ашылған болатын.
     Д.А. Қонаев уақытында ашылған тарихи орындар, республикамыздың көрікті орындары болып табылады.