Д.А. Қонаев музейі Сіздерді "Что должен знать человек в музее?" тақырыбындағы дәріске шақырады!

2020 жылы 24 қаңтар күні Д.А. Қонаев музейінің кинозалында «Что должен знать человек в музее?» тақырыбында дәріс өткізіледі. Дәрісті ҚР-ның еңбек сіңірген экскурсоводы, ЮНВТО ұлттық тренері, ҰММ бойынша ЮНЕСКО Ұлттық комитетінің мүшесі, ИКОМ мүшесі Оразымбетова Бахыт Камаловна жүргізеді. Дәріс барысында музей ісі мен экспозициясының ерекшеліктері жайлы деректер айтылып, YOUTUBE желісіне арналған видео түсіріледі. Іс-шараға музей және экскурсия ісіне қызығушылығы бар барлық адамдар қатысу мүмкіндігіне ие болады. Басталу уақыты 11:00.

Музей кинозалында түсірілген Бахыт Камаловнаның "Знакомство с музеями Казахстана" тақырыбындағы бірінші дәріс-сабағын музейіміздің Youtube каналынан немесе https://www.youtube.com/watch?v=7vDWd1WV438&t=9s сілтемесі бойынша көре аласыздар!