"Что должен знать человек в музее?" тақырыбындағы дәріс

Бүгін Д.А. Қонаев музейінің кинозалында ҚР-ның еңбек сіңірген экскурсоводы, ЮНВТО ұлттық тренері, ҰММ бойынша ЮНЕСКО Ұлттық комитетінің мүшесі, ИКОМ мүшесі Оразымбетова Бахыт Камаловнаның «Что должен знать человек в музее?» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді. Іс-шара барысында музей, музей экспозициясы, музей заты терминдері қарастырылып,  экспозициялық жұмыстың маңыздылығы, таксидермия әдісінің ерекшеліктері жайлы айтылды. Сонымен қатар дәріс барысында спикер музейде қолданылатын диораманы құру және музейлердің профильді топтары туралы тың ақпараттармен бөлісті. Келушілер тақырып бойынша музей кеңістігінде өзін-өзі ұстау мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Дәріс бойынша видео түсірілді. Алдағы уақытта видеоны Д.А. Қонаев музейінің Youtube каналынан тамашалай аласыздар!