"Жасқонаевтанушылар" зияткерлік ойыны

29.01.2020 ж. - Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 7 сынып оқушыларының қатысуымен Д.А.Қонаев музейінде “Жас Қонаевтанушылар” зияткерлік ойыны өткізілді. Зияткерлік ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, әрбір топқа Д.А. Қонаевтың өмірі мен еңбек жолынан сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Оқушылар ойын соңында өздерінің музейден алған әсерімен бөлісті.