Тарихтағы айтулы күн ...

05.02.1921 жылы Түркістан АКСР Орталық атқарушы комитетінің Президиумында Верный қаласының атауын Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Алма-Ата атауы 1993 жылға дейін қолданылды. 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев үшін бұл қаланың алатын орны ерекше. Бұл қалада Димаш атамыз дүниеге келді, балалық шағын өткізді, болашақ жарын кездестірді, мемлекет басшылығында отырып, маңызды шешімдер қабылдады. Д.А. Қонаевтың тұсында қаламыз біршама гүлденіп, экономикалық, өндірістік және мәдени жағынан дамыды. Тіпті, тек Алматы қаласының өзінде ғана 100 шақты ғимарат бой көтерген болатын.

Құрметті алматылықтар, мерекелеріңіз құтты болсын !!!