11.02.2020 ж. "Алтын Орда тарихына байланысты ғылыми зерттеулер" тақырыбында дәріс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған "Алтын Орда тарихына байланысты ғылыми зерттеулер" тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында Д.А. Қонаев музейінің қызметкері Ташкенбаев Ерсін дәріс оқып, Алтын Орда тарихы туралы ғылыми еңбектер талданды. Дәріс соңында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті.