Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл!

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толады! Айтулы мейрам аясында, 13.02.2020 жылы Д.А. Қонаев музейінің кинозалында Ауған соғысының ардагері Мұхамедалин Серік Сейітқалиұлымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысы жайлы деректер айтылып, видео көрсетілді. Құрметті қонағымыз жастардың патриоттық сезімін арттаратын, тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен бөлісті. 

Құрметті Ауған соғысы ардагерлері мерекелеріңіз құтты болсын!