"Ғасыр тұлғасы" байқауы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Д.А.Қонаев музейі және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясы «Ғасыр тұлғасы» тақырыбында Д.А.Қонаевты еске алуға арналған байқауды ұйымдастырады. Дінмұхамед Ахметұлы Қазақстан қоғамының қалыптасуы және өркендеуі жолындағы (ХХ ғ. 30-80 жж.) ең жарқын жасампаздық дәстүрлерін бейнелейді. Сондықтан, бұл уақыт тек Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметі арқылы ғана емес, сол дәуірде өмір сүрген ұрпақтың өмірі арқылы жандыруы қажет.

Байқаудың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығының маңызын көрсету. Байқау Алматы қаласы және облысының орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында өтеді. Жеңімпазға Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясында тегін білім алу гранты бөлінеді. Екінші және үшінші орын алған жеңімпаздарға жоғары білім алуға аталған оқу орнынан 50%, 30%-дық жеңілдік беріледі. Сондай-ақ қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болады.

Жұмысты қабылдау: 01.02.2018-01.03.2018 аралығында.

Ақпарат үшін байланыс телефондары: 261-42-69, 8778-882-24-46.

Шығарманың электронды нұсқасын төмендегі электронды поштаға жіберу қажет Konkurs_Kunaev@mail.ru

Байқаудың бас демеушісі Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясы.